Жерлеуден кейін аста-төк дастархан жайылмайтын болды

Көкшетаудағы орталық мешіт пен қалалық ардагерлер кеңесі және «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі осындай ортақ келісімге келді. Енді жаңа жылдан бастап жерлеуден кейін берілетін асқа табақ-табақ ет тартып, аста-төк дастархан жаюға болмайды. Яғни, ысырыпқа жол жоқ. «Дұға – той емес, марқұмның үйінен ас беру мұсылманның міндеті емес дейді», – ардагерлер кеңесінің өкілдері. Мұндай шешім Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының «Жаназа және жерлеу рәсімдері туралы» пәтуа кітабына негізделіп жасалған, деп хабарлайды Қазақстан арнасына сілтеме жасаған Stan.kz сайты.

“Өлім бірдей болғаннан кейін, біз шешім қабылдадық. Кім болса да, кәрі болсын, жас болсын, бай болсын, жарлы болсын – бірдей болсын. Бәріне турап берсін, шайға тек қазақтың тағамдары болсын. Май, бауырсақ, нан, аздап кәмпит, шай сонымен тоқталсын деп шешімге келдік”, – дейді Шияп Әлиев.

 

Фото интернеттен алынды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.