«Жиhад» ұғымы
Ислам ғұламаларының пікірінше «шынайы жиһад» дегеніміз ол – өз нәпсісімен күресуі болып табылады. Радикалды діни ағымдардың өкілдері исламдағы «жиһад» ұғымын қате түсінеді. Олар жиһадты басқаларға қарулы соғыс жүргізу деп ұғады. Ал шындығына келгенде «жиһад» сөзі араб тілінен аударғанда белгілі бір нәтижеге, мақсатқа жету үшін адамның қажыр-қайрат жұмсауы деген мағынаны білдіреді. Шынайы жиһад дегеніміз:
— әркімнің өз кемшіліктерін түзеуі;
— өзіңнің ішкі дүниең мен жүрегіңді тазарту;
— өз бойыңдағы қызғаншақтық, қанағатсыздық, жалқаулық, тәкаппарлық секілді жаман қасиеттерден арылу;
— өз бойыңдағы адамгершілік қасиеттерді жетілдіру;
— әркімнің өз нәпсісін, еліктеуін және әлсіздігін жеңуі болып табылады.
Бүгінгі таңда діни санасы толыққанды қалыптаспаған жастарымыз салафизм ағымының ықпалына адасып түсіп жатқаны белгілі. Дін қоғамның ажырамас бөлігі болғандықтан салафизм ағымының залалы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Ғасырлар бойы өзінің ерекше мәдениетін қалыптастырған қазақ елі бекем, бірлігі, отансүйгіштігі мен толеранттылығының арқасында тұтастығына сызат түсірмей, мемлекеттілігін баянды етуі үшін заман залалы болып табылатын салафизм ағымының таралуына жол бермеуге тиіспіз. Бұл бағытта «жиһад» сөзінің түп-төркінін түсінген абзал.