ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН АЩЫСАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ТАБЫЛДЫ

2021 жылғы 16 наурыз күні сағат 14.00-де Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне 1980 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті.  Ол екі күн бұрын мал іздеп шығып, содан қайта оралмаған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД (11 қызметкер мен 1 бірлік техника, Полиция департаментінің күштері мен құралдары (1 қызметкер) және жоғалған адамның туыстары (3 адам) жұмылдырылды.

16 наурызда сағат 15.10-да  құтқарушылар ер адамды жоғалып кеткен орыннан екі шақырым жерде Көккөз ауылынан тауып алды. Ол тереңдігі 3 метр құдыққа түсіп кетіп, өздігінен шыға алмаған екен.

Құтқарушылар ер азаматты құтқару жібінің көмегімен құдықтан алып шықты. Зардап шеккен кісі медицналық көмекке мұқтаж емес.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.