ЖОЛ КАРТАСЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін «AMANAT» партиясы Орталық аппараты ұйымдастыру аумақтық департаментінің инспекторы Б.Әйткей, қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, фракция жетекшісі Қ.Имашев, Атқарушы хатшының орынбасары Е.Айтбаев сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасының 64 тармағына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы «Шымкент қаласындағы 110 кВ коректендіру желісімен «Ақжар» 110/35/10 кВ ҚС салу» нысаны бойынша жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2017 жылы сараптама қорытындысы алынған. Содан кейін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен «ТПЭП» ЖШС-мен 4 келісім-шарт түзіліп, жоба құны 6 537,2 млн. теңгені құрады. Мердігер мекеме бекітілген жобалау сметалық құжаттамасына сәйкес, құрылыс жұмыстарын жүргізіп, ағымдағы жылдың соңында аяқтау керек болған.
Алайда қазіргі таңда, қалада Қонаев даңғылының жалғасы және Оңтүстік айналма жолының құрылысы салынып жатыр. «Ақжар» қосалқы станциясын қоректендіруші 110 кВ кабель желісі жоғарыда аталған жолдардың жиегімен өтеді. Ал Қонаев даңғылының жалғасы және Оңтүстік айналма жолының шығыс бөлігі қорғаныс қабатынсыз 110 кВ кабель желісінің үстін қиып өтуде. Бұл өз кезегінде 110 кВ кабель желісінің авто, жүк көліктердің салмағы әсерінен істен шығуына алып келу қауіпін тудыруда. Сондай ақ, Оңтүстік айналмасы астымен өткен кабельдің істен шығу және қызмет көрсету қиындықтарына байланысты айналма сыртына шығару қажеттігі туындауда. Аталған жұмыстар жобалау сметалық құжаттамасында қаралмағандықтан, қосымша уақыт пен қаржыны қажет етіп, жоба құрылысы жыл соңына дейін аяқталмау қауіпі туындап отыр.