ЖОЛДАУ ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Еңбекші ауданына қарасты “Тұран“ бастауыш партия ұйымының №63 мектебінде Мемлекет Басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау жиыны өтті.

Жиынға «AMANAT» партиясының белді мүшелері Президент жолдауындағы 5 бағытқа жеке – жеке тоқталып, жолдауда қозғалған негізгі бағыттардың Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңыздылығы жайлы баяндама жасады.

Ұстаздар қауымы да жолдаудағы айтылған мәселелерге өз ойларын қосты. Ұжым жолдауда көтерілген әлеуметтік, саяси, құқықтық реформаларды қолдайды. Сонымен қатар, білім ордасының қызметкерлері Мемлекет Басшысының білім саласына айрықша көңіл бөлгеніне қуанып отыр.

«Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты» деген сөзі осының айғағы»,-дейді олар.
#AMANAT

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.