ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР «BIR TOLQYNDA» ТАЛҚЫЛАНДЫ
🇰🇿 Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «BIR TOLQYNDA» пікірталас алаңының отырысы өтті. Ашық аспан астында өткен сараптамалық талқылауға М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Д.Қожамжарова Дария Пернешқызы, партияның отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қоғамдық кеңес төрайымы Ж.Таңатарова, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова қатысты.
📌Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауы жаңа Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам десек те болады. Жолдаудың бір маңызды тұсы — еліміздің ертеңі жастарға ерекше назар аударылды. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмыспен қамту керектігін жетткізген мемлекет басшысы жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету керектігін де ұмытпады. Сондай-ақ жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беруді де үкіметке тапсырды. Бұл дегеніміз өз кәсібін ашқысы келетін жаңашыл жастардың қатарын арттыратыны сөзсіз.
Жолдауда айтылған реформалар – еліміздің табысты болашағын айқындайтын нақты іс-әрекет жасаудың айқын нұсқаулығы әрі тікелей тапсырмалардың жиынтығы десек те болады. Жиын соңында спикерлер Жолдауға қатысты ойларын қорытындылай келе, Президенттің барлық бастамасын қолдайтындарын, бірлік бар жерде нақты нәтижеге қол жеткізуге болатынын жеткізді. #AMANAT #AMANATPartiyasy