Жұлдыз жорамал

08.07. — 14.07.

Тоқты
Өміріңіздің барлық саласында мамы­ражай тіршілік орнайды. Тек жақын бір туысыңыздың денсау­лығына күтім қажет. Алыс жолда жүр­гендерде әсерлі сәттер көп болмақ. Әмияныңызға мұқият болы­ңыз, ақшасыз қалу қаупі бар.
Торпақ
Жұмыста әріптестеріңіздің бі-рі әдейі аяқтан шалуы мүмкін. Деген­­мен, жеке кәсібіңіздің аясын кеңей­­туге қолайлы кезең. Әлдебір таныстық соңы ыстық сезімге ұла­сады. Некеге тұратындар да, сәбилі бола­тындар да аз болмайды.
Егiздер
Жаңа қызметке не басшылықтың марапатына ие болуыңыз мүмкін. Жеке өміріңізде ешқандай өзгеріс жоқ. Отбасылы жандардың жасырын кездесуден тыйылғаны жөн. Ал әлі жалғыз болсаңыз, өз тағдырыңыз тек өз қолыңызда.
Шаян
Күйзеліске түсу қаупі бар. Жеке өміріңіз қуантпайды, тапқан табыс көңілден шықпайды, достарыңыз да жүйкеге тие бастағандай. Ендеше, бәрін тастаңыз да, көңіліңіз қалаған жаққа кетіп қалыңыз. Демалыста бәрі қалпына келеді.
Арыстан
Болмашыға жүйкеңізді тоздырмаң­ыз, өсек-аяңға мән бермеңіз, қия­­лыңызға ерік бере бермеңіз. Жұмыстың бәрін ысырып, жағажайға атта­ныңыз. Жаңа адамдармен та-нысы­ңыз, жаңа киім сатып алыңыз, келбетіңізді өзгертіңіз
Бикеш
Сізге қазір жалқаулық пен күйзеліс – үлкен жау. Тіпті жұмыстан босап қалу қаупі де бар. Дәрі-дәр­мектен ақша үнемдемеңіз. Көлігіңізді бір тексеріп алғаныңыз жөн. Басқа біреулер үшін өз мүддеңізді құр­бан­дыққа шалмаңыз.
Таразы
Бірқатар жағымды оқиғалар мен кез­десулер күтіп тұр. Жалғызбасты жандар бақытын әлеуметтік желі арқылы табуы мүмкін. Жауапсыз махаббат иелері де дегеніне жетеді. Дәрі­геріңіздің кеңестерін естен шығар­мауға тырысыңыз.
Сарышаян
Жұмбақ сәйкестік өміріңізге қуан­ыш әкеледі. Бір кездері ессіз ғашық бол­ған адамыңыз қайта оралуы мүм­кін. Үйге қымбат зат сатып алу мүмкіндігі бар. Әзірге ешбір биз­нес­ке ақша салмаңыз. Дема­лысты қала сыртында өткізіңіз.
Мерген
Жылжымайтын мүлікке қатысты бір қиындықты шешуге тура келеді. Сәтті іске асырылған жоспар үл­кен табыс әкелуі мүмкін. Ішкі сезі­міңізді күштеп сөндірмеңіз. Бәлкім, күт­пеген жерден арманыңыз ақиқатқа айна­лып қалар.
Тауешкi
Бұл аптада демалуға мүмкіндік бола қоймайды. Бұл еңбек демалы­сында және зейнеткерлікте жүр­ген­дерге де қатысты. Тұрмыстық шаруалар, жолсапарлар, той-томалақ аз болмайды. Сүйіктіңіз сізге ерек­ше қамқорлық көрсетуі мүмкін.
Суқұйғыш
Үлкен қиындықтар жоқ. Бар күшіңізді үйіңізді ұядай жылы етуге жұмсаңыз. Қаржылық жағдайыңыз бірқалыпты. Несиеге ештеңе са­тып алмаңыз. Өзгелер үшін жауап­кер­шілік алмаңыз. Демалыста табиғат аясы­на шығып, демалыңыз.
Балық
Бір себептерге байланысты әл­дебір жоспарларыңызды іске асыра алмауыңыз мүмкін. Жақын күндері тамақтану тәртібін өзгертпеңіз, асқазанға салмақ түсу қаупі бар. Бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлі­ңіз. Кешке жаяу серуендеңіз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.