Жұлдыз жорамал

19.08. — 25.08.

Тоқты
Жұмыста айыңыз оңынан туады. Қолға алған жобаңыз өте табысты болмақ. Өз мүмкіндіктеріңізді көр­сетер сәтті жіберіп алмаңыз. Кө­лік жүргізгенде абай болыңыз. Спортпен айналысатындардың да жарақаттану қаупі бар.
Торпақ
Қандай істі қолға алсаңыз да, кедергісіз болмай қалмайды. Сондықтан, кез-келген жағдайға дайын болыңыз. Қажет болса, көмек сұраңыз. Жалғызбасты жандарды ниеті түзу емес бір адаммен таныстық күтіп тұр. Сақ болғайсыз.
Егiздер
Көптен күткен мүмкіндікті жіберіп алмау үшін кез-келген ұсыныстан бас тартпаңыз. Демалыс күндері келетін қуанышты жаңалықты туыс­тарыңызбен бөлісіңіз. Таза ауада көбірек жиі жаяу серуендесеңіз, денсаулығыңыз мазаламайды.
Шаян
Жаңа таныстық ыстық сезімге ұласуы мүмкін. Бірақ, бұл қатынас ұзаққа созылады дей қою қиын. Ақшадан біраз тарығасыз, бірақ бәрі соншалықты жаман емес. Үнемдеуді үйренсеңіз болғаны. Туыстарыңызға көмегіңіз керек.
Арыстан
Іскерлік немесе романтикалық болсын, кез-келген жаңа таныстық сіз үшін пайдалы болмақ. Барынша көп адамдармен араласыңыз, күйзелісті осылай ғана жеңесіз. Үйіңізде бірдеңені жаңартқыңыз келсе, осы апта өте қолайлы.
Бикеш
Жұмыста бастығыңыз сізге көп соқтығуы мүмкін, бірақ еңбек­қорлығыңызбен ойын өзгерте ала­сыз. Ауыр жұмысқа қазір жола­маңыз, ағзаңызға демалыс керек. Балаларға қаталдау болыңыз. Бірақ, күшпен ештеңе шеше алмайсыз.
Таразы
Бұл аптада тек көңілге жағатын нәрселермен ғана айналысыңыз. Міндетті шаруаларды кейінге қал­дырыңыз. Жұмыста шектен тыс жүк артуы мүмкін, өз құқығыңызды таптатпаңыз. Романтикалық кездесу керемет әсер сыйлайды.
Сарышаян
Бір іске ақша салмас бұрын жа­қындарыңызбен әбден ақылда­сып, келісіп алыңыз. Ал жеке өміріңізге қатысты шешімді тек өзіңіз қабыл­даңыз. Бәрін ысырып қойып, тек өз жүрегіңіз қалаған нәрсемен айналысуға тырысыңыз.
Мерген
Сіз ұсақ-түйек деген нәрсе үлкен дау-дамайға айналып, достарыңызбен араға сызат түсуі мүмкін. Алаңдамаңыз, ақиқат сіздің жағыңыз­­да. Спорт пен диета үшін қолайлы кезең. Көп күш жұмсамай-ақ денсаулық пен сымбатқа қол жеткізесіз.
Тауешкi
Айналаңыздағы кей адамдар көңіліңізді қалдыруы мүмкін. Қазір ешкімге сенбегеніңіз дұрыс. Кейін өкінгенше сақ болған жақсы. Әзірге маңызды жобаларды қолға алмаңыз. Одан да күшіңізді үйіңізді реттеуге жұмсаңыз.
Суқұйғыш
Жиналып қалған жұмыстары­ңызды біржақты етіп, қағаздарды реттеңіз. Ақша сіз мүлде күтпеген жақтан келеді. Ақылмен жұмсаңыз. Жауапсыз адамдарға қарыз берме­ңіз. Кейде өсек тыңдаған да жақсы, біраз маңызды ақпарат аласыз.
Балық
Ішкі түйсігіңізге құлақ асып, жан қалауыңызбен әрекет етіңіз. Солай етсеңіз ғана қиындықтан оңай шығасыз. Ғашық жандарды жақсы жаңалық күтіп тұр. Романтикалық кездесулер, саяхат және басқа да тосынсыйлар аз болмайды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.