Жұлдыз жорамал

09.09. — 15.09

Тоқты
Бұл аптада алаңдатарлық ұсақ-түйек мәселелер болуы мүм­кін. Жұмыста жеке өміріңізді, ден­саулығыңыз бен табысыңызды әң­гіме етпеңіз. Демалыста өте жақсы әсер қалдыратын іс-шара күтіп тұр. Сырт келбетіңізге күтім жасаңыз.
Торпақ
Өте қу біреудің арбауына түсу қаупі бар. Бұл бәсекелес не күндесіңіз болуы мүмкін. Отбасылық мәселелерді ақылдасып шешкен жөн. Отбасылы адаммен көңіл қоспауға тырысыңыз. Артық ас пен әлеуметтік желіні шектеңіз.
Егiздер
Әлдебір істің нәтижесін күтемін деп жүйкеңіз сыр беруі мүмкін. Спортпен айналысыңыз, үйді рет­теңіз, достармен кездесіңіз. Бірінші рет көріп тұрған адамға сенбеңіз. Тым жақындатып алып, құтыла алмай қалуыңыз ықтимал.
Шаян
Шаруа көп, бірақ бұл жағымды шаруа. Айталық, бұл әлдебір тойға дайындық болуы мүмкін. Тек кәсі­би міндетіңізді ұмытып кетпеңіз. Бұл аптада жүйкеңіз тыныш бол­ғаны жөн. Жалғыз болсаңыз, тағ­дыршешті кездесу күтіп тұр.
Арыстан
Қазір ішкі түйсікке сенуге бол­майды. Ол жеке өміріңізге де, жұмысыңызға да қауіпті. Сүйіктіңіз­ді не досыңызды, болмаса табысы­ңызды жоғалту қаупі бар. Демалыс күндері тағдырыңызды түбегейлі өз­гертер бір оқиға орын алады.
Бикеш
Азырақ табысыңыз артуы мүм­кін. Бұған жаңа бизнес идеяңызды іске асыру арқылы қол жеткізесіз. Жүйкеңізге салмақ салмауға ты­ры­сыңыз. Бейтаныс адамның дөрекі­лігіне мән бермеңіз. Демалыста үй­ден тыс жерде демалыңыз.
Таразы
Ұнатпайтын ісіңізге қайта ора­лу­ға тура келеді. Бұған сіз бас тар­та алмайтын адам мәжбүрлеуі мүм­кін. Жалғыз болсаңыз, таныс арттырыңыз. Болашақ жары­ңыз­­­ды кездестіру мүм­кіндігі бар. Қайырымдылықпен жиі айналысыңыз.
Сарышаян
Жұмыста жалғыз әрекет еткеніңіз дұрыс, әйтпесе еңбегіңіздің жемісін біреу пайдаланып кетуі мүмкін. Әлдекім көңілін білдіруі ғажап емес. Апта соңында жағымсыз қонақ келеді. Ашуға бой алдырмай, барынша сабырлы болған жөн.
Мерген
Бұл аптада тәуекел етпеуге ты­рысыңыз. Әзірге тек өте таныс іс қана табыс әкеледі. Жұмыс іздегендердің де құрғақ уәдеге сенбегені жөн. Отбасы ғана жағымды әсер сыйлайды. Жалғыз болсаңыз, үйде отырмай, жиі араласыңыз.
Тауешкi
Денсаулығыңыз сыр берсе, үйде емделмей, тексеріліп, қауіпті дерт еместігіне көз жеткізіңіз. Өзіңізге ұнайтын, болашақ мүмкіндігі мол жұмыс табылуы мүмкін. Тек ағза­ңызды қатты шаршатпаңыз. Ро­мантикалық кездесу күтіп тұр.
Суқұйғыш
Қарқыныңызды азайтыңыз, мақ­сат­қа жету үшін күш-қуатты қалпына келтіру керек. Сізге жеңіл тамақ, дәрумендер, дене жаттығулары жақсы көмектеседі. Мұрагерлік, жыл­жымайтын мүлік, қоныс аудару мәселелері сәтті шешіледі.
Балық
Сүйгеніңіз жүрегіңізді қатты жаралауы мүмкін. Қанша езілсеңіз де, өмірден баз кешпеңіз. Көп өтпей бәрін ұмыттырар бір қуаныш болады. Тосынсыйлар, жағымды жаңалықтар аз болмайды. Жұмыста да арманыңызға қол жеткізесіз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.