Жұлдыз жорамал

08.04. — 14.04.

Тоқты

Жеке өміріңізге қатысты әлдебір мәселені шешуге тура келеді. Сейсенбі күнгі іссапар сәтті бол­мақ. Жинап жүрген ақшаңызды жаратпаңыз. Жұмада ешкімге сыр ашпаңыз. Демалыс күндері үй шаруаларымен айналысыңыз.

Торпақ

Жұмысыңыз азаяды. Бұл онша жақсы емес, себебі ақшадан таршылық көре бастайсыз. Сәрсенбіден бастап бәрі реттеледі. Балаларды бір сәтке назардан тыс қалдырмаңыз. Біреумен ұрысып қалсаңыз, кешірім сұрауға асықпаңыз.

Егiздер

Біраз бұрын қолға алған жобаңыз табыс әкеле бастайды. Бейсенбі күні кез-келген құжатқа қол қойып, келісімдер жасауға болады. Отбасында біраз түсінбеушіліктер болуы мүмкін. Демалыста спортпен айналысқаныңыз жөн.

Шаян

Жақын адамыңыз үшін жиі уайымдайсыз. Оны жайына жіберіңіз, әркім өз тағдыры үшін өзі жауапты. Достармен басқосуды сейсенбіге белгілеңіз. Әзірге жаңа іс бастамағаныңыз дұрыс. Демалыста көп шаруа тындырасыз.

Арыстан

Өміріңізді өзгертемін деп, қате қадам жасауыңыз мүмкін. Әсіресе, ақшаға келгенде ешкімге сенбеңіз. Дау-дамайдан қорықпаңыз. Тек солай ғана сіз өз дегеніңізге жетесіз. Романтикалық кездесу бар шаршауыңызды басады.

Бикеш

Жаңа танысыңыз сезімнің иіріміне терең батырып жіберуі мүмкін. Бұл ұзақ та бақытты қарым-қатынастың басы болуы ғажап емес. Жұмыс іздегендердің де жолы болмақ. Демалыс күндері үйден шықпай, ұйқыңызды қандырыңыз.

Таразы

Ештеңеге алаңдамай, мақсатқа ұмтылыңыз. Себебі, қаржылай қолдау тауып, сәттілікті серік етер күн жақын. Сейсенбі күнгі кездесу елеулі нәтиже береді. Отбасында бір қуаныш болмақ. Жеке өміріңізде мамыражай күндер орнайды.

Сарышаян

Жеке өміріңізде де, жұмыста да бір орында тұрып қалғаныңызды байқап, жаңа сатыға аяқ басуға ұмтыласыз. Сәрсенбі күні ұсақ қиындықтарға назар аудармаңыз. Бейсенбі күнгі қоңырау барлық жоспарыңызды өзгертуі мүмкін.

Мерген

Барлық жағынан сәтті апта. Сіздің қызметіңізге сұраныс артып, беделіңіз де, табысыңыз да өсе түседі. Сейсенбі күнгі таныстық табысты серіктестікке ұласады. Демалыс күндері дау туындап, ешбір кінәсіз айыпталуыңыз мүмкін.

Тауешкi

Соңғы кездері өзгеден бұрын өзіңізді көбірек ойлайтын болып жүрсіз. Бұл балаларыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін. Қызметте өсу мүмкіндігі бар. Тек қаржылық жағдайыңыз әзірге жақсара қоймайды, ақшадан тарығу қаупі бар.

Суқұйғыш

Апта бойы өзіңізге қатысы жоқ шаруаларға араласпай, тыныш жүріңіз. Әйтпесе, кінәсіз кінәлі болып қаласыз. Жақын адамыңыз үшін уайымдайсыз. Бұл қиындықтың шешімі жұма күні ойламаған жерден табыла кетеді.

Балық

Бұл аптада асықпаңыз, сонда көп нәрсе тындырасыз. Асықтырғандарға мән бермеңіз. Сәрсенбіде әрі қалағаныңызды сатып аласыз, әрі жақсы демаласыз.Жұма күні жарыңызбен ұрыспаңыз. Демалыста көп қонақ күтуге тура келеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.