ЖҰМЫСШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Оспанов Берік Серікұлы Еңбекші ауданында орналасқан «Shymket Bus» компаниясының қызметкерлерімен
Референдум өткізудің маңыздылығына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

— «ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтылған бастамаларының негізгі мақсаты – саяси жүйемізді түбірімен өзгерту. Бұл халықтың көп жылғы талап-тілегінен туындап отыр. Азаматтарымыз мемлекетті басқару ісіне қатысуға кең мүмкіндік берілгенін қалайды. Сондай-ақ саяси үдерісті түбегейлі демократияландыру қажет деп санайды. Мұны тиімді жүзеге асыру үшін Ата заңымызға өзгерістер енгізу қажет. Ата заң баптарының үштен бірі өзгереді. Ашығын айтсақ, Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болады. Сол себепті, Мемлекет басшысы республикалық референдум өткізу туралы бастама көтерді. Өйткені, мұндай ауқымды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуы қажет», — деді Б.Оспанов.

Өз кезегінде «Shymket Bus» компаниясының қызметкерлері өздеріне қажетті барлық сауалдарына жауап алып, алдағы реферердумға бірауыздан қатысатындарын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.