Жүргізуші, жақындарыңды ұмытпа!

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінде жеке автокөлік иелері арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ерекше тәсіл қолданылды.

 

Әскери қызметшілер  «Әке, жылдамдықты асырмаңыз, сіз бізге керексіз» деген жазуы бар, отбасылық фотосуретін автокөліктеріне орнатты.

«Бөлім басшылығы әскери қызметшілердің автокөліктеріндегі отбасылық фотосуреттері бар бастамасын қолдады. Жол көлік оқиғаларының қандай қайғылы салдары болатынын бәрі біледі, сондықтан әркім жеке көлікті пайдаланғанда, ең алдымен туған-туыстары туралы ойлануы тиіс», — деді 3-сыныпты сержант Исламбек Мұздыбаев.

Автокөлікке алғашқылардың бірі болып танк командирі сержант Ержан Мекебаев отбасылық фотосуретін орнатты. «Мен ешқашан жылдамдықты асырмаймын, өйткені спидометрдің жанында бір жасар ұлымның кішкентай суреті бар. Бұл мен үшін ең жақсы мотивация», — деді ол.

Әскери бөлімнің басшылық құрамы жолдардағы бақытсыз оқиғалардың алдын алу үшін бөлімде күн сайын жеке құрамға нұсқама өткізілетіндігін түсіндірді. Аптасына кемінде бір рет  барлық әскери қызметшілердің автокөліктерінің ақаулық жәй-күйі тексерілетінін, айқындалған ескертулердің жойылғандығын қадағалайтынын атап өтті.

Алдында аталған іс-шаралардың арқасында әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға ықпал ететін ерекше алдын-алу әдістері пайда болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.