Жылқы туралы қызықты деректер
* Жылқыны бірінші болып, б.з.д. 5000 ж. Азияның көшпелі халықтары қолданды.
* Аттың көзінің радиусы өте үлкен. Ол тіпті басын бұрмай, артында тұрған барлық нәрсені көре алады.
* Әлемдегі ең қымбат жылқы – Шариф биші. Ол араб шейхіне 40 миллион долларға сатылған.
* Жылқы күніне кемінде 25 литр су ішеді.
* Әлемдегі ең үлкен және ауыр аттың есімі – Сэмпсон, оның салмағы – 1,52 тонна.
* Жылдамдық рекорды Мексиканың айғыры Бех Ракитке тиесілі (69,6 км/с).
* Жылқы адамның дауысындағы эмоцияларды байқай алады.
* Аңыз бойынша Ескендір Зұлқарнайынды (Александр Македонский) Буцефал есімді аты 9 рет өлімнен аман алып қалған. Ал шайқас кезінде аты өлгесін оның есімімен қаланы атаған.
* Аттарға ұйықтау үшін тәулігіне 4 сағат жетеді.
* Әлем бойынша жылқының шамамен 160 тұқымы бар.
* Араб аттары – ең қымбаты.
* Жылқының тістері – олардың жасын және денсаулығын анықтайтын құрал.
* Австралияда археологиялық қазба кезінде жылқы сүйектері табылмаған. Бұл құрлыққа олар XVIII ғасырда әкелінген.
* Жылқылар шамамен 25-30 жыл өмір сүреді. Ал Англияда дүниеге келген «Кәрі Билли» есімді ат 62 жыл өмір сүрген.
* Жылқыларда бес сезім органы өте жақсы дамыған: есту, көру, иіс сезу, дәм сезу, сезім түйсігі.
* Ежелде жауға қарсы қолданылған ең күрделі әдіс – тұяқтың соққысы. Бұл соққы адамды өлімге әкелуі мүмкін.
* Африка тайпаларының сенімі бойынша, аттың тұяғынан мерт болған адам бірден жұмаққа түседі.
* Жердегі жануарлардың барлығының арасында ең үлкен көз жылқыда.
* Құлын туылғаннан кейін бірнеше сағаттан соң жүгіре алады.
* Аттың сүйектерінің саны адамдыкінен 18 сүйекке артық.
* Жылқылар аузымен дем ала алмайды, сондықтан мұрны жабық болса, олар тұңшығып қалады.