ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚОРҒАЛУЫ КЕРЕК
Бүгінде мемлекет тарапынан зияткерлік меншік құқығы саласын дамытуға жоғары деңгейде көңіл бөлініп келеді. Өйткені дүниежүзілік қауымдастықтың талаптарына жауап беру, дүниежүзілік сауда ұйымына кіру секілді маңызды мемлекеттік мақсаттарды жүзеге асыруда авторлық және сабақтас құқықтар мен өнеркәсіптік меншік саласындағы құқықтарды қорғау маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша мемлекеттік қызметті жүзеге асыру 2001 жылғы 29 наурыздан ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіне жүктелген. Ал, аумақтық Әділет департаменттерінде 2003 жылдан құрылған Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлімдер жұмыс істейді. Олардың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету және халықаралық талаптарға сай дамыту болып табылады.
Зияткерлік меншікті дамыту үшін ең алдымен осы саладағы құқықты қамтамасыз ету қажет. Осыған орай, ҚР Әділет министрінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Агенттік (қаржы полициясы) Төрағасының және Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің «Зияткерлік меншік саласында әділет, қаржы полициясы және ішкі істер мекемелерінің өзара әрекетінің тәртібі туралы» біріккен бұйрықтары шеңберінде контрафактілік өнімдерді тарату деңгейін төмендету үшін құқық қорғау мекемелерімен зияткерлік меншік саласында құқық бұзушылыққа қарсы тексеру іс-шаралары жүргізіліп тұрады.
Т.ҚАЛИЕВ,
Қаратау аудандық әділет басқармасының
инспектор-тіркеушісі.