Марс тұрғындарына арналған қала

Дубайда Марсқа адамдарды қоныстандыруға қатысты зерттеулер жүргізілетін болады. Бұл ұлттық жобаны тақ мұрагері шейх Мұхаммед бин Рашид ұсынып отыр.

Mars Scientific City деген атауға ие болған қаланың жалпы аумағы 180 мың текше метрді құрамақ. Қаладағы ғимараттар мөлдір күмбез – «биотекшелер» түрінде салынады. Шөл далада орналасқан бұл күмбездер Марстағы өмірді елестететін болады. Онда тұрғындардың бар қажетін қанағаттандыратын жабық жүйе жасалады. Алдын-ала есеп бойынша бұл қаланың құрылысына 500 миллион дирхам (шамамен 136 миллион доллар) жұмсалмақшы.

Бұдан бұрын шейх Мұхаммед БАӘ-нің Марстың өзіне барып қала салатынын айтқан болатын. Қызыл ғаламшардағы алғашқы қала 2117 жылы бой көтереді деп жоспарланып та қойыпты.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.