Тұмауға қарсы халық емдері

* 1 ас қасық дәріханалық түймедақтың үстінен бір стақан қайнаған су құйып, жылы жерде 5 сағат тұндырыңыз. Араластырып, сүзіп алыңыз да, күніне 3 рет мұрынға тамызыңыз.
* 3 ас қасық майдалап туралған пиязды 50 мл жылы суға салып, оған 1/2 шай қасық бал қосыңыз да, 30 минут тұндырыңыз. Осы тұнбаны күніне 3 рет мұрынға тамызыңыз.
* Пияз бен сарымсақты майдалап тураңыз. Аздап қолмен езіп жіберіп, 10 минуттай иісін иіскеп отырыңыз. Осылай күніне 4 реттен жасау керек.
* Мұрыннан су ағып, пысылдай бастағаннан дәріханалық қышаны өкшеңізге қойыңыз да, сыртынан тығыз тоқылған жүн шұлық киіп алыңыз. 2 сағаттан соң қышаны алып тастаңыз. Сосын 10 минуттай бөлме ішінде әрі-бері жүріңіз.
* Мұрын қуысына күніне 5 реттен алоэ шырынының 4 тамшысын тамызыңыз.
* Мұрынның әрбір қуысына қызылшаның жаңа сығылған шырынын 5-6 тамшыдан тамызып, осы шырынға батырылған мақтамен аз уақытқа тығындап қойыңыз.
* Бір уыс кепкен эвкалипт жапырақтарын ыдысқа салып, үстінен қайнаған ыстық су құйыңыз. Сосын басыңызды орамалмен бүркеп, осы судың буымен тыныс алыңыз. Бірақ, бір ескерерлігі, буды ішке мұрынмен тартып, демді ауыздан шығару керек.
* Тұмаудан мұрныңыз қатты бітеліп қалса, қыздырылған ыстық табаға сіркесу құйып, соны буымен демалыңыз.
* Мұрын қуысын ашу үшін мүсәтір іспіртіне батырылған мақтамен мұрынның екі қуысын кезек-кезек сүрткілеу керек.
* Ақжелкек (хрен) ұнтағын, қарабидай мен балды бірдей мөлшерде алып, қамыр илейміз. Оны саусақпен аздап күлше етіп жайып, кеңсіріктің үстіне қойыңыз. Бұл емшараны 3 күн бойы үзбей, міндетті түрде жатар алдында жасау керек.
* Мұрынға ақбас қырыққабаттың шырынын күніне 3 реттен тамызыңыз.
* Өкшеге йод жағып, сыртынан ішне құрғақ қыша салынған жылы шұлық киіп алыңыз.
* Мұрынның сілекейлі қабатына вазелин жағыңыз, сосын үккіштен өткізілген сарымсақ суына батырылған мақтаны мұрын қуысына қою керек. Бұл емшараны күніне 3 реттен жасайды.
* Қара-қоңыр кір сабынмен сұқ саусағыңызды жақсылап сабындап, онымен әр мұрын қуысының ішін жақсылап «жуып» шығыңыз. Артынан тұзды сумен шайып жіберіңіз. Бұл емшараны аптасына 3 рет жасаған жақсы.
* Өсімдік майы мен сәбіздің жаңа сығылған шырынын бірдей мөлшерде алып, араластырыңыз. Оған бірнеше тамшы сарымсақ шырынын қосыңыз. Осы қоспаны 3 тамшыдан күніне 3 рет мұрынға тамызасыз.
* Күн сайын мұрын қуысын марганецтің әлсіз ерітіндісімен шайып тұрыңыз.
* Сарымсақ майының да пайдасы көп. Оны дайындау үшін бір бөлік сарымсақты ұнтақтап, үстіне 1 ас қасық өсімдік майын құйып қойыңыз. Ертеңгісін сүзіп алып, қалған сұйықтықты мұрынға тәулігіне 3-4 реттен тамызып тұрыңыз.
* Бал мен жылы суды 1:2 қатынасымен араластырып, осы ерітіндіні мұрынға 5 тамшыдан күніне бірнеше рет тамызу керек.
* Қою етіп емделген қара шайдың 1 ас қасығына 0,5 шай қасық бал мен 15 тамшы эвкалипт тұнбасын (дәріханадан алуға болады) қосып, жақсылап араластырыңыз. Осы қоспаны күніне 1 тамшыдан 5 тамшыға дейін күніне 3-4 рет тамызасыз. Бұл емшараның кішкене балаларға да зияны жоқ.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.