Үйге береке әкелетін кеңестер

1. Үйде қоқыс жиналып тұрмауы керек. Егер кіреберісте реттілік болмаса, бұл үйге берекенің кіруіне кедергі болады.

2. Үй ішінің таза болуы өте маңызды. Егер үй лас болса, адамның ойы да былғанады, сосын күйеуі айқайлап, әйелі ренжиді, баласы тілазар болады.

3. Ескі заттарды тастаңыз, олар бақытсыздық пен қиындық қуатын жинайды. Егер сөреңізде көптен кимеген ескі киімдер болса, тылсым күштер: «Саған жаңа көйлекке ақша табудың қажеті қанша? Сөрең онсыз да толып тұр ғой!» дейтіндей. Бір қызығы, мұндайда сіз расымен аз табасыз. Не тапқаныңыздың берекесі болмайды. Ең дұрысы – керек емес киімдеріңізді мұқтаж жандарға таратып жіберіңіз.

4. Үйде жасанды материалдардан жасалған – полиэстер, синтетикалық заттар тұрмауы керек. Үйге жасанды гүл қоймаңыз.

5. Қабырғаға кез-келген суретті іле бермеңіз. Тек әдемі табиғат көріністері, гүлдердің суретін, рухани дүниеңізді байытатын туындыларды ғана ілуге болады. Және табиғи материалдардан жасалған әдемі заттар бақытты неке мен өркендеуге көмектесетін қуат әкеледі.

6. Асүйді таза ұстаңыз, үй жануарларын онда кіргізбеңіз. Өзіңіз де асүйге кір, ұсқынсыз киіммен кірмеңіз.

7. Ашуланбаңыз. Бұл ағзада қауіпті биохимиялық үдерісті тудырады. Және ешкімді жамандамаңыз, бұл алдымен өз өміріңізді күйретеді.

8. Таңертең – салқын, кешкісін жылы суға жуыныңыз. Салқын су бой сергітіп, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Ал жылы су күні бойғы жағымсыз әсердің бәрін сылып алып, жанға тыныштық сыйлайды.

Дайындаған Б.КЕМЕЛ.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.