74 млн. теңгеге нан. Шымкенттік Антикор бюджет қаржысын үнемдеді

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 70 млн. теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы 225 тоннаға жуық қара бидай нанын сатып алуды жоспарлаған. Жалпы сомасы — 74 млн. теңге. Өткен жылы нанды тұтыну 12,2 млн. теңге сомасына 53 тоннаны құраған.

Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына сатып алу көлемін төрт есе асыра бағалауды қайта қарау және оны сәйкестендіру туралы ұсыныс хат жолдады.

Осы жұмыстың қорытындысы бойынша жоспарланған сома 3,4 млн. теңгеге дейін төмендетілді, қажетті нан саны 25,7 мыңға азайтылды.

Сатып алу көлемін ескере отырып, үнемдеу 70 млн. теңгеден асты.

Аталған Орталық 250 орынға есептелген. Қазіргі уақытта онда 240 адамға қызмет көрсетілуде.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2022 жылы елімізде 518 мың тонна нан өндірілген.

Айта кетейік, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сатып алу нарығының ашықтығы мен қолжетімділігін арттыратын «Бірыңғай сатып алу терезесі» веб-порталына үнемі мониторинг жүргізеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.