QAZYGURT.KZ:   Қазақстан азаматшасы Саратовтағы клиникалардың бірінде көз жұмды. Болжам бойынша, келіншек липосакция жасатқан. Басылымның хабарлауынша, 39 жастағы келіншек Саратовқа Қазақстаннан келген.

Ол артық салмақтан арылу үшін медициналық мекемелердің біріне жүгініпті.

Келіншек пластикалық отаны 19 ақпан күні TerraSomnia орталығында жасатқан. Алайда, операциядан соң ол комаға түсіп, артынша көз жұмған.

Алдын ала болжам бойынша, өлімнің себебі көп мөлшерде қан жоғалту болуы мүмкін. TerraSomnia клиникасы бұл оқиғаның мән-жайын айтудан бас тартып отыр. Ал денсаулық сақтау министрлігінде аталған жағдайға байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Риа Новости  хабарлауынша, Саратов прокуратурасы клиникада науқастың көз жұмғанын растаған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

 

АҚПАРАТ көзі: nur.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.