ТЫНЫШ МЕЙРАМХАНА

АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Гринпойнт қала­сында Eat («Же») деп аталатын мейрамхана бар. Бұл мейрамхананың ерекшелігі, мұнда келушілердің сөйлеуіне тыйым салынған.

Мейрамхананың қожайыны Николай Нойман өзінің Азия­дағы будда шіркеуіне сая­ха­тынан шабыт алып, адамдардың тыныштықтан ләз­зат алуына мүмкіндік беруді ойға алады. Расында, ты­ныш отырып, тамақтануға таптырмайтын мейрамхана тез танымалдылыққа ие болғаны соншалық, қазір мұнда келушілер алдын-ала орынға тапсырыс беріп қояды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.