Ұшқышсыз тұңғыш әуе таксиі
Дубайда тұңғыш автономды авиатакси әуеге көтерілді. Екі орындық ұшу аппаратын бас кеңсесі Германияда орналасқан Volocopter компаниясы жасап шығарған.
Автономды әуе таксиінде оператор немесе ұшқыш болмайды, яғни аппарат «батыл» жолаушыларды өзі тасымалдайды.
Ерекше таксидің алғашқы тестілік ұшырылымынан кейін Дубайдың мұрагер ханзадасы бұл Біріккен Араб Әмірліктерінің болашағы үшін жасалған тағы бір сәтті қадам болғандығын атап өтті. «Бұл біздің оң өзгерістерге бейімділігіміздің тағы бір дәлелі. Біз қоғамымызды одан әрі бақытты әрі өркениетті ету үшін үнемі жаңа мүмкіндіктерді іздеу үстіндеміз», — деді шейх Хамдан ибн Мохаммед Аль Мактум.