Алып балық ұсталды

Курил аралдарында сирек кездесетін алып ай-балық ұсталды. Оның салмағы – 1100 кг. Бұл аймақта сирек кездесетін ай-балықтың еті дәмсіз, ал кейбір елдерде тіпті оны сатуға тыйым салынған.

Алып балық балықшылардың торына кездейсоқ түсіп қалған. Олар бұл балықтың ешқандай пайда әкелмейтінін білгенімен, күнде кездесе бермейтін алып суасты тіршілік иесін көпшіліктің тамашалауы үшін оны жағада қалдыруды ұйғарған. Үш күннен кейін балық еті бұзылып, иістене бастаған соң, оны хайуанаттар бағындағы аюға азық ретінде апарып беруге тура келіпті.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.