А.Перуашев, Мәжіліс депутаты: 3 өкіл мен 3 көмекші ассистентке 1 млрд. 100 млн. теңге …

Дубайдағы, Лондон және Нью-Йорк­тегі «Қазақинвест» акционерлік қоғамы­ның үш өкілі мен 3 көмекші ассистентін қамтамасыз етуге, 2018 жылғы өтетін Қазақстандық инвестициялық форумды ілгерілету мен инвесторларды іздеп табуда көрсетілетін қызмет түрлеріне бюджеттен 1 млрд. 100 млн. теңге көлемінде қаржы бөлу қарастырылған.

«Қазақинвест» АҚ-ның ресми деректеріне сүйен­сек, ең көп инвестициялық жобалар Қазақстанға осы аталған мемлекеттерден емес, Қытай­дан (61), Ресейден (26) және Түркиядан (20) келеді екен. Ал, неліктен инвестициялық белсенділікті ұлғайту үшін Қытай, Ресей немесе Түркия елдеріндегі өкілдіктер емес, атап айтқанда, дәл сол Дубай, Лондон және Нью-Йорк қалаларындағы өкілдер таңдалған?

Бізді таңқалдырғаны–сол шетелдегі өкілдердің жұмысы қандай жолмен, қайтіп бағаланатыны. Бір жылдың 220 жұмыс күнінің ішінде кәсіпкерлермен бар болғаны 20 рет кездесу өткізуі үшін мемлекеттің есебінен көп қаржы жұмсауды қажет етпейді.

 qazaquni.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.