Абаттандыру ережесін бұзған жергілікті тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейд жүргізуде.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Керуен сарай, Ақжарқын көшелерінің бойына құрылыс үйіндісі мен тас  төгіп тастағанын анықтаған. Абаттандыру қағидаларын бұзған жергілікті тұрғындарға  ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына абаттандыру қағидаларын бұзған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.