АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
🇰🇿Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастарды қолдау» жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынды Шымкент қалалық мәслихат депутаты, қалалық «Жастарды қолдау» кеңесінің төрағасы М.Жолдыхожаев жүргізді.
📌 Басқосуда «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары М.Қалмұратов Жолдаудағы бес бағдар және экономикалық саясат, стратегиялық инвестиция жөнінде өз ойымен бөлісті. Сондай-ақ жиында Шымкент қалалық мәслихатының баспасөз хатшысы Б.Үйсінбай баяндама жасады. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша талқыланған тақырыптар төңірегінде бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылып, күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толықтай қаралды. Жетекші партияның «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, жалынды жастар мемлекет басшысының бастамаларын қолдап, өз ойларын білдірді.
#AMANAT #ЖастарРухы