АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

??Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастарды қолдау» жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынды Шымкент қалалық мәслихат депутаты, қалалық «Жастарды қолдау» кеңесінің төрағасы М.Жолдыхожаев жүргізді.
? Басқосуда «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары М.Қалмұратов Жолдаудағы бес бағдар және экономикалық саясат, стратегиялық инвестиция жөнінде өз ойымен бөлісті. Сондай-ақ жиында Шымкент қалалық мәслихатының баспасөз хатшысы Б.Үйсінбай баяндама жасады. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша талқыланған тақырыптар төңірегінде бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылып, күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толықтай қаралды. Жетекші партияның «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, жалынды жастар мемлекет басшысының бастамаларын қолдап, өз ойларын білдірді.

#AMANAT #ЖастарРухы

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.