Ақмола облысында ЭКСПО көрмесіне келе жатқан автобус апатқа ұшырады. (видео)

Ақмола облысында ЭКСПО көрмесіне келе жатқан автобус апатқа ұшырады деп хабарлайды КТК арнасы. Бір ауылда екі бірдей отбасы қара жамылды! Кеше  Ақмола облысында жол апатынан қаза тапқан 33 жастағы Сәуле Мұстафина мен 10 жасар Александр Данилов жер қойнына тапсырылды.

Сәуле Мұстафина Бурабайдағы Приозерное шипажайында жұмыс істеген. Астанаға балаларды ЭКСПО кормесіне апаруға басқа қызметтестерімен бірге шығыпты. Олар мінген Тойота Хайста 7 бала мен 6 ересек адам отырған екен. Жол апаты Ақкөл ауылының маңында болған. Күтпеген жерден пайда болған Land Gruser шағын автобусты артынан келіп соққан.

Соққының қатты болғаны сонша, шағын автобус жолдан шығып кетіп, бірнеше рет аунаған. Арттан соққан джип өте жоғары жылдамдықпен келді дейді микроавтобус жүргізушісі.

Сұмдық оқиға салдарынан әйелінен айырылған Асқардың 4 жасар  ұлы ауруханада ауыр жағдайда жатыр. Отбасында 14 жасар тағы бір ұлы бар. Бұлар жолға шыққанда, ол үйде қалыпты. Сол шағын автобуста баласы болған Даниловтар отбасы да қара жамылып қалды. Олар 10 жасар жалғыз ұлынан айрылды.

 

КТК

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.