Ақтауда үш адам теңізге батып кетті

Ақтау қаласында тағы үш адам теңізге батып кетті. Қайғылы оқиға кеше сағат 11:30-да 4А ықшам ауданы жағалауында болған.

«Үш демалушы жағада отырған. Содан соң бірінен кейін бірі теңізге түскен. Дауыл көтерілгендіктен, үшеуі толқынның астында қалған. Олар өздігінен жағаға шыға алмады. Бір-бірін құтқармақ болғанымен, одан еш нәтиже шықпаған», – деп хабарлады жедел құтқару тобындағылар.

Құтқарушылар батып бара жатқан бір қызды аман алып қалды.

«Батып кеткен бір ер адамның денесін құтқарушылар мен полицейлер шығарып алды. Қазір екінші ер адам іздестіріліп жатыр. Дауылдың кесірінен жедел құтқару тобы сүңгуірлерді жібере алмай отыр», – деп толықтырды мекемедегілер.

Дерексөздер stan.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.