Ақылбек Күрішбаев, Сенат депутаты: Мұның соңы неге алып келеді?

Бүгінде қағаз жүзіндегі әдемі баяндамалардың ауылдағы жағдайға сәйкес келмейтінін аңғару қиын емес. Біз жиналған өнімнің анық көлемін, тұқымның шынайы сапасын, зиянкестер мен аурулардың таралу мөлшерін, егін себу мен жинау жұмыстарының дәл мерзімін нақты білмейміз. Ал заманауи технологиялардың енгізу бойынша кейде дамыған елдерден де асып кетеміз.

Мал шаруашылығы саласында жануарларды тіркеу көп жағдайда қағазбен жүргізіледі. Артынан деректер базасына қолмен енгізіледі. Ал жауапкершілік болмағаннан кейін көптеген қателіктерге жол беріледі.

Осындай бұрмаланған ақпараттар “қисық айна” әсерін тудыратынын және мемлекеттік органдардың маңызды шешімдерді қабылдауына негіз болатынын мойындау керек. Мұның соңы неге алып келеді? Ең алдымен, мемлекеттік жоспардың жасалмауына, қаражаттың дәл бөлінбеуіне әсер етеді.

Қазірдің өзінде бюджет қаражатының игерілмеуі және оны мақсатсыз пайдалану көлемі жоспардың дұрыс жасалмағанын көрсетіп отыр. Бүгінде ауыл шаруашылығы саласында цифрландыру шаралары тиісті деңгейде жүргізілмейді. Ал ғарыштан мониторинг жасау жүйесінің өзіне миллиардаған ақша бөлінеді.  Меніңше, ауыл шаруашылығын цифрландыру мәселесімен есеп комитеті мұқият айналысуы керек.

sputnik.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.