Әлемдегі ең қымбат бұйымдар

 Мэрилин Монроның ақ көйлегі

Әйгілі киноактрисаның 1955 жылы кезекті фильміне түсу барысында киген көйлегі әлемдік кино өнерінің аса құнды жәдігерлерінің біріне айналған. Дизайнер Уильям Травиллдың қолынан шыққан бұл көйлек 2011 жылы рекордтық сома – 5,6 миллион долларға сатылды.

«Айырбас» (Interchange) картинасы

Абстрактілі экспрессионист Виллем де Кунингтің қолынан шыққан бұл картина жаңа әлемнің қорқынышты шындығын көрсетеді. Оның көлемі – 200,7 х 175,3 см. 1955 жылы аяқталған бұл картина 2015 жылы 300 миллионға сатылған.

DKNY Golden Delicious иіссуы

1 000 000 долларға бағаланған бұл иіссудың әрбір туындысын ғажайып өнер туындысы дейге болады. Estee Lauder Companies Inc компаниясы шығарған иіссудың құтысы 14 караттық сары және ақ алтынмен апталып, 2 909 бағалы тастармен безендірілген. Соның ішінде сопақша лағыл, 15 дөңгелек қызғылт гауһартас, сары жақұт, Турмалин параиба бағалы тасын және жүздеген майда ақ гауһартастар да бар.

Джульетта раушангүлі

Қазіргі уақытта бұл гүл табиғатта өте сирек кездеседі. 2006 жылы гүлдің осы түрін 15 жылдан бері мәпелеп келе жатқан бір гүл өсіруші Джульетта раушангүлін $15,8 миллионға сатқан.

«Фантом» фотосуреті

1999 жылы австралиялық фотограф Питер Ликтің АҚШ-тың Аризона штатындағы Антилопа шатқалында түсірген ақ-қара түсті бұл фотосурет бәссаудада 6,5 млн долларға сатылған. Суретте шатқалдағы үңгірлердің бірі бйнеленген. Үңгірдің ішіне жоғарыдағы кішкене саңылаудан жарық түсіп тұр. Автордың айтуынша, бұл жарық елестің мүсінін көз алдыңа әкеледі.

 Hermes Birkin қол сөмкесі

Ақ қолтырауын терісінен тігілген бұл сөмке бәссаудада 379 261 долларға сатылды. Ең қымбат әйелдер сөмкесінің ұсақ-түйек бөлшектері 18 караттық алтыннан жасалып, 240 гауһартаспен безендірілген.

 Moussaieff Red Diamond гауһартасы

Бүкіл әлемде мұндай қызыл түсті гауһартастың бар-жоғы 30 ғана данасы бар. Олардың көпшілігі бір караттың жартысынан да аспайды. Солардың ішіндегі ең ірісі – Moussaieff Red Diamond гауһартасы 1990 жылы Бразилиядан табылған. Оның құны 8 000 000 долларға бағаланып отыр.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.