АЛМАТЫДА ҰРЫЛАР ТОБЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

QAZYGURT.KZ: Алматыда полиция көлік ұрлығымен айналысатын 39 топты анықтады. Полицияда жалпы 85 адам ұсталғаны айтылған. Ал криминалды полиция басқармасының бастығы, подполковник Есен Ысқақовтың айтуынша, көлік ұрыларының басым бөлігі ешқандай қорғаныс заттары жоқ көліктерге ұрлыққа түскен. Әуезов ауданындағы «Жетісу» ықшам ауданында ұры «Тойота Камри» көлігінің айнасын сындырып, видеотіркегішті ұрлап кеткен. Қылмыс түн ортасында болғанымен, қылмыскер қашып құтыла алмапты. Тәртіп бұзушыны «Боран-087″ экипажы ұстаған. Қазір ұрлық фактісі бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, өткен жылы Алматыда бұзақылық жасаған 49 топ, 124-қарақшы, 27- пәтер ұрлықшылары, 39- көлік ұрыларының тобы ұсталған. Одан бөлек, 55 ұрлықшы адамдарды қоғамдық орында тонаса, 16 адам көлікті айдап әкеткен».

 

АҚПАРАТ көзі: nur.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.