Алматыда жалдамалы пәтердегі тоңазытқыштан екі бүлдіршіннің өлі денесі табылды

Алматының Түрксіб ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде тоңазытқыш ішінен екі баланың мүрдесі табылды, деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Аталған қайғылы жайтты қалалық ішкі істер департаменті растап отыр.

«Бірнеше күн бұрын үш балалы келіншек осы пәтерді жалға алған. Балалардың үлкені төртте, ортаншысы бір жарымда, ал кенжесі бірде болған. Бірер күн бұрын пәтер ішінен жағымсыз иіс шығып, көршілері полиция шақыртқан.

Есікті бұзып кіріп, тексеріс барысында тәртіп сақшылары иістеніп кеткен екі сәбидің денесін тапқан. Үлкен ұл мен әйелдің қайда екені белгісіз. Қазір іздеу жарияланып, бала өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша іс қозғалып, сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу құпиясына байланысты артық ақпарат жария етілмейді»,- деді баспасөз қызметкері.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.