Алматыдағы айуандықпен өлтірілген егіздердің ағасы жетімдер үйіне берілуі мүмкін

Бірақ көшеде қанғып жүрген жерінен қала тұрғындары тауып алған баланың  ешқандай құжаты жоқ. Үштер шамасында деп болжағанымен, нақты жасын да білу мүмкін болмай отыр, деп хабарлайды ktk.kz.

Қазір ол нөмірі екінші балалар ауруханасында дәрігерлердің бақылауында. Ал балақайдың анасы Алла Волченко мен оның азаматтық некедегі күйеуі Эмиль Гильмутдинов сәбилерді өлтірді деген күдікпен тергеліп жатыр. Өзбек азаматы егіздерді тұншықтырып тастағанын мойындады. Ол бұндай қылмысқа кішкентайлар жылап мазасын алған соң барғанын айтқан. Сондай-ақ, қанішер сәбилердің анасына, мен бұларды өлтірем, сен үлкен ұлды алып сыртта жүре тұр деген екен. Сөйтіп, Алла Волченко болса үш жастағы тұңғышын «Самал» ықшамауданына ертіп барып, сол жерге тастап кеткен. Кейін бұл екеуі егіздердің денесін сөмкеге салып пәтерден-пәтерге қашып жүріпті. Тек мүрде иістене бастағанда жалдаған үйдің тоңазытқышына тығып, іздерін суытады. Мәйіттерді бірінші болып, көрші пәтердің тұрғындар тауып алған-ды.  Айта кетерлігі, екі күдіктінің арақтан ешқашан ауыздары құрғамаған. Әрі істеген қылмысына өкініп те отырған жоқ.

Автор: Асыл Әділханұлы

Дереккөз: ktk.kz.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.