• 🏆 «AMANAT AQYLMAN» БІЛІМ БӘСЕКЕСІ ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

📍 Шағалалы Шардара ауданында тұңғыш рет зияткерлік бәйге өтті. «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды ойыны «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен әр аудан және қалада дәстүрлі түрде өткізлуде. Кезекті сайыс Шардара қаласында ұйымдастырылып, зияткерлік сайысқа 17 команда қатысты.

📌 Білім мен шапшаңдықты қатар талап ететін интеллектуалды жарысқа ұстаздар, ақ желеңді абзал жандар, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, ауыл округтері әкімдіктерінің мамандары, балабақша және мәдениет саласының өкілдері, су электр станциясының қызметкерлері өзара ой жарыстырды.

🔎 Бағалаушы әділ қазылар алқасының құрамында: партияның Шардара аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ережеп Бекет, аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Сәбит Лаханов, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі Нұрлан Смайлов болды.

🖇 Зияткерлік дода 4 кезеңнен тұрып, қатысушылар алғашқы кезеңде аудан тарихына қатысты сауалдарға жауап берді. Мәдениет және өнер бойынша сұрақтар екінші кезеңде қойылса, үшінші кезеңде ойынның көркін қыздыра түсетін логикалық тапсырмалар ұсынылды. Соңғы кезеңде қатысушылардың партиялық жобалар мен мемлекеттік басқару бағыттары бойынша білімдері сыналды.
Ұйымдастырушы тараптың жетекшісі Ережеп Құдайбергенұлының айтуынша, ой бәсекесі өте тартысты өткен.

📝 -Ауданымызда мұндай доданың тұсауы тұңғыш рет кесілуде. Дегенмен, оған қарамай қатысушы командалардың сайысқа деген қызығушылығы жоғары болды. Өзге жобалардан ерекшелігі жас талғамайды және миды жаттықтырады. Сондықтан бұл жарыста тапқырлық пен логика үлкен рөл ойнайды. Осы жобаның бастамашысы болған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалына алғыс білдіремін. Өйткені аудан азаматтары өздерін өзге қырларын дамытып, көрсетуде. Түрлі сала өкілдерінен құралған топтар жиірек ұйымдастыруды сұранып отыр, -дейді атқарушы хатшы.

✅ Сайыс қорытындысы бойынша «Б.Соқпақбаев» атындағы жалпы орта мектебінің ұстаздарынан құралған «Ұлағат» ұжымы 3-орынға қол жеткізді. Ал, Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің «Ш.Уәлиханов» атындағы жалпы орта мектебінің «Шағала» командасы 2-орынды еншіледі. Білімділер бәсекесінде ең көп ұпай жинаған «Айбілім» білім беру орталығының «Айбілім» тобы жеңімпаз атанып, облыстық деңгейде өтетін кезеңге жолдама алды. Жүлдегерлер мен қатысушы командаларға алғыс хаттар мен арнайы сый-сияпаттар табысталды.

🔗 «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

• Amanat Shardara Audandyk Filialy

#AMANAT

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.