«AMANAT»: СОЗАҚТЫҚ ТАРИХШЫ БЕЛСЕНДІЛІГІМЕН КӨЗГЕ ТҮСТІ

Түркістан облысының теріскейіндегі Созақ өлкесі өнерпаздарға бай аудан. Мұнда өнерлі жандардан бөлек ораторлық өнерді бойына сіңірген әрі интеллектуал жандардың да шоғыры қалыптасып келеді. «AMANAT» партиясының Созақ аудандық филиалында өткен «AMANAT-LIDER» пікірсайыс додасына 12 спикер қатысты. Оның 6-ы жергілікті мектеп мұғалімдері.

Азаматтардың шешендік өнері сынға түсетін бәсекеге партияның Созақ аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ернар Сағындық, аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараев, ақын Гүлнар Өмірбек, «Созақ үні» газетінің жауапты хатшысы Мақсат Қарғабай, аудандық тілдерді дамыту орталығы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры Ролан Әлжанов әділ қазылық етіп, қатысушыларды бағалады.

Мыңжылқы мәдениет үйінде өткен пікірталас байқауына ұстаздардан бөлек заңгер, кітапханашы және балабақша тәрбиешілері, Үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер де қатысты.

Сайыс 2-кезеңнен тұрды. Алғашқы бөлімде спикерлерге «Жаңа Қазақстанды құрудағы AMANAT партиясының рөлі» тақырыбы ұсынылды. Берілген 3 минут уақыт ішінде қатысушылар партияның рөлін айшықтайтын өз аргументтерін алға тартып, тұщымды пікірлер айтты.

Қазылар алқасының шешімімен орамды ой білдірген 6 қатысушы 2-кезеңге жолдама алды. Ал, сайыстың 2-кезеңінде дебатерлар «Ауданның өзекті мәселелері» тақырыбында ой қозғады. Қысқа уақыт аралығында қатысушылар аумақтағы шешімін таппай жатқан мәселелерді қаузап, қарсыластарына өткір сауалдар қойды.

Қос кезеңнің нәтижесі бойынша жүлделі 3-орынды «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығының маманы Б.Саржанов иемденді. Сондай-ақ қазылар алқасының шешімімен Қ.Кемелұлы атындағы ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Д.Төреғалиұлы еншіледі. Дебат сайысының екі кезеңінде де нақты ұсыныстар мен көкейге қонымды пікірлер айта білген Қ.Сәтбаев атындағы тарих пәнінің мұғалімі Ж.Елшібаев жеңімпаз атанды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған дебатёр жыл соңында облыс орталығында өтетін ақтық сынға жолдама алды. Сайыс жүлдегерлері мен жеңімпазға Алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табысталды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.