Арал ауданында мектеп өртенді

QAZYGURT.KZ: Арал ауданы Қамыстыбас ауылдық округіндегі №21 мектеп отқа оранды. «23 ақпан күні сағат 11 жарымға таман өрт қауіпсіздігі қызметіне Қамбаш қыстағындағы №21 мектептің өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама түсті. Белгілі болғандай, ғимараттың үстіңгі жабындысын жалын шарпыған. Арнайы құтқару қызметінің өкілдері оқиға орнына жеткенге дейін ерікті өрт сөндірушілер мен ауыл тұрғындары тілсіз жауды ауыздықтады», — дейді ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. Мәліметтерге сүйенсек, зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша төтенше жағдай пешті құру кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауынан болуы мүмкін.

 

АҚПАРАТ көзі: inform.kz 

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.