«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ» онлайн акциясының жеңімпаздары анықталды.

@nur_otan партиясы және @jas_otan Жастар қанаты ағымдағы жылдың 1 — 30 қазан аралығында Тәуелсіздіктің 30-жылдығына және «Қарттар күніне» орай «Ардагерлерді ардақтайық» онлайн акциясы аясында байқау жариялаған болатын.

𝗜 айға жалғасқан #𝗔;𝗿𝗱𝗮𝗴𝗲𝗿𝗡𝘂𝗿𝗢𝘁𝗮𝗻 байқауы барысында қаламыздан 100-ге жуық ардагерлер, зейнеткерлер, еңбек ерлері, құрметті азаматтар қатысты.

Өздеріңіз білетіндей, қазыналы аға-буын ардагерлеріміздің арқасында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейлі күніне қол жеткіздік.

Сұхбат кезінде ардагерлер жеткен жетістіктері мен ел тәуелсіздігін құрудағы құнды әңгімелерімен бөлісті.

Басты мақсат тағзымды тәлімге ұластырып, Елбасы саясатының, Тәуелсіздіктің арқасында соғыс көрмеген бақытты ұрпақты елдегі бейбіт өмірді, келісім мен бірлікті көздің қарашығындай сақтауға қашанда даяр болуға тәрбиелеу.

Байқаудың нәтижесі бойынша қаламыздан өзінің құнды сөздерімен сыр шерткен Құрбанбаев Балтабай Құрбанбайұлы және Тинбаева Аманкүл Оразқызы жеңіске жетті.

Балтабай Құрбанбайұлы — 1947 жылы 15 қарашада дүниеге келген. Қазіргі таңда ЖШС «Елмед» және «Елстандарт» директоры.

Тинбаева Аманкүл Оразқызы — 1958 жылы 1 қаңтарда ОҚО, Түлкібас ауданы, Сергеевка селосында дүниеге келген. 1964 жылы №28 Сергеевка орта мектебіне барып, 1974 жылы тәмамдаған. 1974 жылы Алматы қаласы В.И. Ленин атындағы политехникалық институтқа оқуға түсіп, 1979 жылы бітірген. Еңбек жолын Алматы қаласындағы «Астық өнімдері» комбинатында жас маман болып жұмысқа орналасады. 1983 жылы Шымкент қаласындағы №9 кәсіптік техникалық училичесінде мұғалімдік қызмет атқарады. Қазіргі таңда сол қызметпен зейнетке шығып, «Арулар, аялылар» қоғамдық бірлестігін құрып, көпбалалы, жалғызбасты аналарға көмек қолын созуды мақсат тұтқан.

Жеңіске жеткен ардагерлеріміз @𝗷𝗮𝘀_𝗼𝘁𝗮𝗻 қолдауымен 100 000 тенгелік қаржылай сертификатқа ие болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Ерен еңбек етіп, елінің өркендеп-өсуіне үлес қосқан кешегі қызметкер, бүгінгі зейнеткер ардагерлерге құрмет көрсету жас ұрпақтың парызы деп білеміз!

#𝗔;𝗿𝗱𝗮𝗴𝗲𝗿𝗡𝘂𝗿𝗢𝘁𝗮𝗻 #𝗝;𝗮𝘀𝗢𝘁𝗮𝗻 #𝗝;𝗮𝘀𝗢𝘁𝗮𝗻𝗦𝗵𝘆𝗺𝗸𝗲𝗻𝘁

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.