Арнайы статистика: Головкин Альвареске әлдеқайда көп соққы жұмсаған (фото)

CompuBox жүйесі тең аяқталған Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегіндегі соққылар статистикасын ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.                 СОҚҚЫ СТАТИСТИКАСЫ ФОТО: COMPUBOX

Compubox мәліметінше, Головкин 703 соққы жасап, 218-ін дәл тигізді (31 пайызын).

Джебтерінің 361-інің 108-і тиген (29,9 пайыз), ал қуатты соқыларының 342-сінің 110-ы (32,2 пайыз) дөп тиген.

Ал Альварес азырақ соққы жасапты (505). Соның 169 соққысы дөп тиген (33,5 пайыз).

Мексикалықтың джебтерінің 233-інің 55-і тисе (23,6 пайыз), 272 қуатты соққысының 114-і (41,9 пайыз) дөп тиген.

Дереккөз: Nur.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.