Астанада тұрғын үйде өрт болып, 11 адам зардап шеккен

QAZYGURT.KZ:  Астанада өткен түні өрт болып 11 адам зардап шеккен. Олар өз бетімен дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Бес тұрғын аурухаға жатқызылды.

Астананың Бұқар жырау көшесінде орналасқан «Камал-4» тұрғын үй кешенінде өрт шыққан.

Қызыл жалын тұрмыстық заттар және балконның өртке орануынан басталыпты.

Мамандар өртті 22:46-да ауыздықтап, 22:58-де толықтай сөндірген.

Өрт сөндірушілер 25 адамды, соның ішінде 10 баланы құтқарды.

Қызыл жалынды ауыздықтау барысында 23 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылған.

 

АҚПАРАТ көзі: kaz.nur.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.