Асүй сүлгілерінің қаупі анықталды
Асүй сүлгілерін көп қолданған кезде ондағы патогенді микроорганизмдер көбейіп, тағамнан улануға әкеп соғады. Бұны Маврикия университетінің ғалымдары анықтады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі. Мамандардың зерттеу жұмысы EurekAlert пресс-релизінде жазылған.
Сараптама барысында бір ай бойы қолданылған 100 асүй сүлгісі зерттелді. Ғалымдар бактериялардың үлгілерін жинап, өсірді. Содан соң стандартқа сай биохимиялық әдістермен теңестірді. Сонымен қатар, бактериялардың мөлшерін – талдау жасалған сүлгідегі бактериялардың санын анықтады.
Нәтижесінде сүлгілердің 49 процентінде бактериялардың өсуі отбасындағы балалар мен басқа да адамдардың санына тәуелді болды. Ал патогенді микрофлоралардың арасында колиморфты бактериялар (36,7 процент), энтерококтар (36,7 процент) және стафилококк (14,3 процент) табылды.
Колиморфты бактериялар (ішек таяқшасы тобының бактериялары, ІТТБ) дымқыл және көп қолданылған сүлгілерден анықталды. Үйде ет өнімдерін жеу ІТТБ және стафилококк бактерияларын көбейтетін болып шықты. Бұл патогенді микроорганизмдер тамаққа түсіп, асқазан-ішек жолдарын бұзуы мүмкін.