«Ат марафоны» сайысына қатысушылар Тываға келді

Қазақстан Қарулы Күштерінің командасы Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде өтетін «Аттар марафоны» конкурсына қатысу үшін Тыва астанасына (Ресей Федерациясы) келді.

 

Қазақстанның әскери қызметшілері Орталық әскери округтің таудағы мотоатқыштар құрамасы аумағында орналасты. Оларға әскери бөлім бойынша таныстыру экскурсиясы жүргізілді.

«Аттар марафоны» конкурсы «Кара Хаак» таудағы полигонында өтеді. Жарыс бағдарламасы басталғанға дейін қатысушылар қару-жарақ алып, қорытынды жаттығулар жасайды, жарыс бәйгесі өткізілетін маршрутпен және оның шарттарымен танысады.

Конкурс өткізілетін жерге келген Қазақстан, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан қарулы күштерінің командалары конкурс кезеңдерінен өту тәртібін талқылады. Қатысушылар су бөгеттері мен мина кедергілерінен тұратын ұзақтығы 100 километрден асатын марафонға шығады, бұл ретте қару-жарақ пен оқ-дәрілерді аттармен жеткізеді. Қорытынды кезеңде қысқа қашықтықтағы аралас эстафета болады. Маршруттан өту кезінде әскери қызметшілер белгіленген пункттерде бірқатар арнайы міндеттерді орындайды.

Қазақстанның әскери қызметшілері 2019 жылы «Аттар марафонына» қатысқан болатын. Ол кезде команда елге конкурстың «күміс» жүлдесімен оралған еді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.