Автотұрақта тұрған көлікті айдап кеткен азамат бейнекамера арқылы анықталды

2021 жылдың 10 сәуірінде Қаратау аудандық полиция басқармасының 102 арнасы арқылы, жергілікті жердің 25 жастағы тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз тұлға қаладағы автотұрақтардың бірінде тұрған құны 8.000.000 теңге тұратын «Toyota Camry 50» маркалы автокөлігін құқыққа сыйымсыз басқарып, басқа ғимараттың алдына айдап алып барып қойғанын көрсеткен.

Қаратау аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жедел басқару орталығының бейнекамерасы арқылы Шымкент қаласының 32 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.