Б.САҒЫНТАЕВ,  ҚР Премьер-Министрi:   Не экономикада өсім жоқ…

Негізі, біздің мәселелердің барлығы тек қана құрылыста. 275 млрд. теңге 2018 жылға қабылдаған болсақ, қалған міндеттемеміз-178 млрд. теңге. Яғни, алда әлі 100млрд. теңгеге міндеттемелер қабылдау керек. Оның ішіндегісі 5 айдың ішінде 42 млрд. теңгенің ғана жұмысын атқарғанбыз. Ал уақыт өтіп бара жатыр. Қазан айынан бастап күн суытып, жол салу мәселесі, басқа да құрылыстар мәселесінің бәрінде өте ауыр жағдай қалыптасады. Сонда қалай мұны игереміз? Егер де шын мәнінде қаржы игерілмесе, алты айдың қорытындысымен ақшаның бәрін кері қайтару керек.

Жолдарға үлкен тапсырмалар болды. Қауіп бар. Мәдениет және спорт министрлігі визит-орталықтарын соғып бітем дегенше туристік маусым өтіп кетеді. Әлі конкурс өтпеген. ЖСҚ-сы жоқ. Онда ақшаны неге сұрады? Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет қаржыны бөлді. Парламент қолдады. Бюджет қабылданды. Бірақ, қаржы игерілмейді. Қашанғы күтіп отырамыз? Не экономикада өсім жоқ, не халықтың алдында айтатын сөз жоқ. Есеп берілген кезде бәрін де қатырып жатырмыз деп айтамыз. Одан кейін бәрі ұмыт қалады.

«ЖҚ»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.