БАҚ-ПЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ЖИЫН ӨТТІ

Жуырда Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің алғашқы жиыны өтті. Мегаполис басшысы Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен кеңеске  қоғам қайраткерлері, ардагер журналистер, жергілікті телеарна басшылары, ақпараттық портал және баспасөз басылымдарының бас редакторлары мен журналистер қатысты.

Кеңесте  қала әкімі ақпаратты халыққа дер кезінде жеткізудің маңыздылығын айта келе:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен байланыс орнату барысында халыққа жедел ақпарат берудің маңыздылығын айтып, түсіндіру жұмыстарын сапалы, нәтижелі жүргізуді ерекше тапсырды. Осыған орай, 2020 жылғы 30 қыркүйекте Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесі құрылды. Кеңестің негізгі мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдары мен жергілікті атқарушы органның өзара іс-қимыл тиімділігін жоғарылату, мемлекеттік органдардың жұмысын БАҚ арқылы халыққа ашық түрде жеткізілуін қамтамасыз ету, -деді.

Кеңесте қала аумағындағы коронавирустық инфекцияның алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының, энергетика және коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының атқарған жұмыстары мен алдағы уақытта атқарылатын жоспарлар туралы  да сөз болды, бірқатар баяндамалар да тыңдалды.

Жиынға  қатысушылар да өз сауалдарына тұшымды жауаптар алып, кеңес соңы жарыссөзге жалғасты. Алқалы жиынды  қорытындылаған қала әкімі  қатысушыларды  кеңес жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарауды  тапсырды.

 «Қазақстан жолы» – ақпарат.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.