БАҚ ЖӘНЕ ТРАНСФОРМАЦИЯ

Таяуда Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының бастамашылдығымен “Turkistan media talks: БАҚ және трансформация” тақырыбында семинар-тимбилдинг өткізілді.

Облыс журналистерінің біліктілігін арттырып, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің халықпен және БАҚ өкілдерімен кері байланысын нығайтуды көздейтін шараға қызығушылар да аз болмағанын айта кеткен жөн.

Ашық аспан астында өткен тимбилдингке өңіріміздің аудан, қалаларының ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығының директорлары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, белсенді жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Нақтылай түсер болсақ, Гарвард университетінің түлегі, «Маз-мұндама» қорының төрағасы Шыңғыс Мұқан, Atameken TV интернет-маркетинг бөлімінің басшысы Ж.Болатбек, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» басқарма төрағасының орынбасары Ж.Тулегенова, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, “Qazaqstan Team” Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тележурналист А.Садырбай дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті, қатысушылармен қызу пікірталас ұйымдастырды.

Жалпы тимбилдингте “Коммуникациялық менеджмент: SMM және мемлекеттік органдар”, “Резонансты жағдайдағы “алтын сағат” ережесі”, “Адамдардың жадында жатталып қалардай жаңалық жасау”, “SMM және қызықты контент қалыптастыру”, “Еріктілер жылында жастардың рөлі”, “Жергілікті жерлерде мемлекеттік гранттық қаржыландыруды енгізу” т.б. тақырыптар қозғалып, ой-пікірлер ортаға салынды.

«Қазақстан жолы» – ақпарат.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.