«Бақытты отбасы» жобасы қолға алынуда

QAZYGURT.KZ: Алматы билігі көпбалалы, көмекке мұқтаж отбасыларды қолдауға бағытталған жол картасын құрмақ.

Бүгін «Нұр Отан» партиясы бөлімшесінің кезектен тыс конференциясы барысында қала әкімі Бауыржан Байбек «Бақытты отбасы» жобасын қолға алуды тапсырды. Одан бөлек әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған жол картасын жасауды бұйырды. Оның айтуынша, мұқтаж отбасыларға атаулы және әлеуметтік көмек көрсету партияның басты міндеттерінің бірі болып отыр. «Көпбалалы отбасылар заң тұрғысынан да психологиялық тұрғыдан да көмекке мұқтаж болатыны анық. Біз оларға арнайы сондай орта қалыптастыруымыз керек. Ол үшін «Бақытты отбасы» орталығын құру керек. Бұл орталық көпбалалы аналарға жұмысқа тұру тағы басқа көмек көрсетумен айналысатын болады. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған кешенді модель ойластыратын уақыт келді. Оған мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек, атаулы көмек, әлеуметтік төлемдер, демеушілердің көмегі кіретін болады. Аз уақытта әр отбасыға кіріп, олардың мұқтаждығына көз жеткізіп, қайта аралап шығу керек. Бұл бір реттік жұмыс емес, бұл жұмыстар жүйелі түрінде жүргізілетін болады», — деді Бауыржан Байбек. Қала әкімі Әлеуметтік әл-ауқат және Стратегия мен бюджет басқармасына осы мәселелер бойынша нақты ұсыныстар жасауды тапсырды.

 

АҚПАРАТ көзі: inform.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.