Бал арасын жасанды ара алмастырады

Жер бетінде бал аралары жойылып бара жатыр деп дабыл қаққан ғалымдар мұның жердегі тіршіліктің де жойылуына ықпал ететінін айтқан еді. Осыған байланысты АҚШ-тың Ұлттық ғылыми қорының қолдауымен Гарвардтық ғалымдар өсімдіктерді тозаңдандырумен айналысатын робот араларды жасап шығаруды.

RoboBee — салмағы небәрі 1/10 грамм болатын ұшатын микроробот. Әзірге оның тек тәжірибелік үлгісі ғана бар. Робот араны табиғи жағдайда сынап көрген ғалымдар оны 2015 жылы су астында жүзуге үйретсе, 2016 жылы кез-келген жерге отырып, үлкен салмақтарды көтере алуы үшін қуатын үнемдеу жүйесін жасады. Ендігі жерде жасанды араны автономды қуат алу жүйесіне көшіру міндеті тұр. Гарвардтық инженерлер жеп-жеңіл құйтақандай аккумулятор жасап шығарған соң, дрон-араларды жылдам ұшуға «баулып», өз міндетін орындау үшін табиғи ортаға жібермек.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.