Батырлыққа толы өмір

Қорғаныс министрлігінің Шымкент қаласындағы «Жас ұлан» мектебінде Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, генерал-майор Сабыр Рахымовқа арналған «Батырлыққа толы өмір» атты республикалық ғылыми-танымдық онлайн-байқауы өтуде.

 

Байқау студенттердің әскери өмірге деген қызығушылығын, «Темір генерал» Сабыр Рахымовтың тәжірибесі, ерлігі мен батырлық жолы мысалында патриотизм сезімін дамытуға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы шайқастарының мысалында болашақ отан қорғаушыларды әскери іске еліктеуін арттыруға бағытталған.

Онлайн-байқауға «Жас ұлан» республикалық мектептерінің тәрбиеленушілері, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының, «Назарбаев Зияткерлік мектебінің», «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының оқушылары қатысуда.

Онлайн-байқау үш номинациядан тұрады: «Батырлар мәңгі есте қалады», «әскери дайындық – мағыналы тактика» және шығармашылық жұмыс. Байқау барысында қатысушылар даңқты генералдың өмірбаяны мен жауынгерлік жолын тарихи шыншылдықпен және көркем стильде ашуы тиіс.

Байқауға қатысушыларды арнайы құрылған қазылар алқасы бағалайды, оның құрамына жазушы және мәдениеттанушы Бердалы Оспан, Шымкент қаласындағы Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Серғали Рысбаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің тарих ғылымдарының доценті Құрманғали Оразбаев, сондай-ақ Шымкент қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» мұғалімі Бекжан Көпбосынов кірді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.