Баян Есентаева кітабын екі миллион теңгеге сатпақшы (фото, видео)

Танымал актриса әрі продюсер Баян Мақсатқызы (Есентаева) құлағы естімейтін балаға көмектесу үшін «Баян. Обо мне и не только» кітабын екі миллион теңгеге сатпақшы деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайтына сілетеме жасаған Nur.kz.

Баянның видео үндеуі 13 жасар Әлинұрға қамқорлық жасап жүрген «Слышу сердцем» қайырымдылық қорының атынан жарияланған. Ол Алматыдағы құлағы дұрыс естімейтін оқушыларға арналған мектеп-интернатқа Ұзынағаштан барып оқып жүр, ата-анасының қасына демалыс күндері ғана қайтады. Өз үйінде орта мектептен білім алу үшін оған құны екі миллион теңге тұратын есту құрылғысы қажет.

«Бұл кітапқа Баян Есентаеваның қолы қойылған, болашақ кітап иесіне арналған бейне үндеуі де бар. Бәлкім, Баян сатып алушыға кітапты өз қолымен ұсынады», — делінген қор хабарламасында.              Кітапты қордың сайты арқылы сатып алуға болады.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.