Баян Мақсатқызының туындысы “жыл кітабы” атануы мүмкін (фото)

Баян Мақсатқызының “Баян. Өзім жайлы ғана емес” атты тырнақалды туындысы “Жыл кітабы” аталымына таласқа түсуде. Бұл туралы желідегі оқырмандарынан анасына дауыс беруді өтінген Айсәуле Бақытбек айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

hommes.kz сайтында жүріп жатқан дауыс берудің қазіргі нәтижесіне қарап Баян Мақсатқызы өзгелерді шаң қаптырады деп айтуға келетіндей. Себебі “Баян. Өзім жайлы ғана емес” туындысы жеті кітаптың ішінде көш бастап тұр. Атақты продюсерге дауыс берушілердің 36%-ы қолдау білдірген. Ал екінші орында 24% көрсеткішпен Ермек Тұрсыновтың “Өмірдің ұсақ-түйегі” атты кітабы келе жатыр.

Айта кетейік, Есентаеваның ғұмырынан сыр шертетін автобиографиялық кітап 2017 жылдың шілдесінде жарыққа шыққан болатын.

Дереккөз: stan.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.